Ақтөбелік депутат ішімдік ішіп, қызметінен кетті

2933
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz
20 мамырда ақтөбелік депутат ішімдік ішкен күні көлік жүргізіп, полицейлердің қолына түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы " Range"-ге сілтеме жасап.

Ақтөбе мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін қызметінен кетті. Депутаттың көлігін полицейлер тоқтатып, ол медициналық тексеруден өтіп, оң нәтиже берген. Ербол Қасымғали өз кінәсін мойындамай, сараптама қорытындысымен келіспеді.

Сот оның кінәсі дәлелденді деп шешіп, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Сонымен қатар, оған 15 күн адмарест тағайындалды. Осы оқиғадан кейін ол депутаттық мандатын тапсырды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер