Баспанасыз жүргендер “миллионерлер” болып шықты

2634
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде баспанасыз жүргендер 800 миллион теңге айналымы бар фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары болып шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Tengrinews.kz”-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуратурасы өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығында заңбұзушылықтарды анықтады. Орталықта тұратын 14 адам кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры және құрылтайшысы ретінде тіркелген.

"Сауалнама алынған "кәсіп иелері" бұған еш қатысы жоқтығын, олардың үшеуі 1 және 2-топтағы мүгедектер екенін көрсеткен. Сонымен қатар, 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін мұндай "бизнес" айналымы шамамен 800 миллион теңге болған", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

 

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер