Президент Әкімшілігінің басшысы Абай облысының жаңа әкімін таныстырды

2414
Adyrna.kz Telegram
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу бүгінгі жұмыс сапары аясында Семей қаласына барып, өңірдің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "akorda.kz"-ке сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу Абай облысының әкімі лауазымына Ұранхаев Нұрлан Телманұлы мен Смайылов Асхат Сайдахметұлының кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смайыловқа, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа  дауыс берді.

Президент Әкімшілігінің басшысы жаңадан құрылған облыстың әкімін таныстыра келе, Нұрлан Ұранхаевтың Семей қаласында дүниеге келгенін және оның жауапты басқарушылық қызметтерде тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Мұрат Нұртілеу облысқа қазақтың ұлы ақыны Абай есімінің берілуі халықтың рухын көтеретін тарихи әрі әділ шешім болғанын айтты.

Кездесу соңында Мұрат Нұртілеу Нұрлан Ұранхаевқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруды тіледі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер