Қазақстан Украинада оқитын 200 үнділік студентті қабылдауы мүмкін

2718
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 200-ге жуық үндістандық студенттің Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Айтуынша, Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерін Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

“Үндістан үкіметі бізге ресми түрде өтініш жолдады. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер министрі келді. Украинадағы 20 мыңнан астам үнді студенттері далада қалған, енді олар бізден көмек сұрап отыр. Негізі, біздің медициналық университеттеріміз көмектесуге дайын, шамамен 200 студентті қабылдай алады. Шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді", - деді ол.

Айта кетейік, студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарына ауыстыратын болса, олар ақылы негізде оқитын болады. Мүмкіндігінше оларға жатақхана беріледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер