Толқын Забирова жол апатына түсті

7587
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Толқын Забирова жол апатына түсті. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алла сақтаған. Алдарына кішкентай балаларын отырғызып, машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға не болмаса ұялы телефонына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға таңғаламын. Бұл не? Жауапкершілік қайда? Өзіңді ойламасаң, айналадағы адамдарды ойлау керек емес пе? Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің машинаны соққан жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбеппін. Ол телефонына қарап отырып, тормозды басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жағдайын санамағанда). Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек пе, жоқ па? Сабақ болсын деп жазалауым керек па? Алла берген өмірді үзіп жіберудің ешкімнің қақысы жоқ! Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, ағайын! Өмір сүру қандай тамаша»,— деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер