Елімізде жүргізушілер төлқұжатын ұялы телефоннан көрсетуіне болады

2729
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Электронды құжат пен түпнұсқаның күшін теңестіретін заң жобасына сәйкес, электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған электронды формадағы ақпарат қағаз түріндегі құжатпен тең қолданылатын электронды құжат ретінде танылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Колеса"-ға сілтеме жасап.

Азаматтық кодексте көрсетілгендей, жеке және заңды тұлғалар цифрлы құжат қызметі арқылы электронды құжатты мемлекеттік органдарға ұсынса болады.

"Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматының жеке басын растау үшін куәліктің электронды көшірмесін көрсету жеткілікті болады. Қазір олар eGov-та ғана емес, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасында да бар. Мысалы, Kaspi банк қосымшасындағы мемлекеттік қызмет бөлімінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техникалық төлқұжаттың электронды нұсқасы қолжетімді", - делінген хабарламада.

Осылайша заң жобасына Президент қол қойса, елімізде жүргізушілер куәліктері мен техникалық төлқұжатты алып жүрмеуге болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер