«Музейдегі түн»

2216
Adyrna.kz Telegram

Кеше түнде “Шымқала” тарихи-мәдени кешенінде өткен “Музейдегі түн" тарихи іс-шараны тамашалауға қала тұрғындары көптеп жиналды. Бұл мерекелік бағдарлама қала күніне арналды.

Іс-шараның мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, жәдігерлермен таныстыру, жастарды тарихты зерттеуге, жәдігерлерді қастерлеуге үйрету.

Мерекелік бағдарлама "Шымқала дастаны" театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды.

Каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сағатттары және түрлі ойын түрлері көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылды.

"Қорқыттың көрі" театрландырылған қойылым да қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.

Ашық аспан астындағы "Шымқала" кешені туралы деректі фильмнің тұсауы кесіліп, хореографиялық қойылым, су және от шоулары ұйымдастырылды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер