БҚО әкімі тоққа түскен балаға 3 бөлмелі пәтер сыйлады

1977
Adyrna.kz Telegram

БҚО әкімі Ғали Есқалиев тоқ соғып, екі қолынан айырылған Аманжолға үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Аманжолға протез дайындау жұмысын өз бақылауына алған. Әкімдік бүгінде медициналық ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, заманауи протез жасау бойынша келісімге келген. Ең қуаныштысы, баланың жағдайымен танысқан ұйым басшылары протезді ақысыз негізде дайындау жөнінде ниет білдіріпті. Бірақ протезді шамамен 5-6 айдан кейін салу керек. Ал әзірге бал дәрігерлердің жіті бақылауында.

Көпбалалы отбасыға қолайлы жағдай жасау мақсатында Ғали Есқалиев жергілікті құрылыс компаниясының қолдауымен, көпбалалы отбасыға жаңадан салынған үйден 3 бөлмелі пәтер табыстайтын болды. Жаңа үй Аманжол ем қабылдап жатқан аурухананың ауданында орналасқан, тұрғын үй жаздың соңында тапсырылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі аппараты, басқа да мекемелердің қызметкерлері Аманжолдың отбасына бір күндік жалақыларын аударады. Қосымша қажеттілік болған жағдайда, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілмек.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер