"Мирзиеёв үлкен қателік жіберді, өзбекбасының қолы қанға малынды" - Оңғар ҚАБДЕН

9596
Adyrna.kz Telegram

Өзбекбасы Шавкат Мирзиеёв ала шапанды ағайынның бағына туған ер деп санайтындар көп еді. Өзін Орта Азияда демократ президент ретінде де көрсетуге тырысатын.

Бірақ, өзінің тақта отыру мерзімін ұзартып, бұл да Орта Азияға тән "сара жолдан" айнымады. Конституцияға енгізген өзгерісті бүркемелеу үшін Путиннің әдісін қолданды. Путиннің әдісі дегеніміз саяси ұпайын көтеру үшін басқа елді басып алу.

Сөйтіп мемлекеттің жерін кеңейттім деген пропаганданы халықтың миына сіңіру. Сол үшін Қарақалпақстанды Өзбекстанға қосу арқылы тәуелсіздігін жоймақшы болды. Кім тәуелсіздігінен оңай айырыла қойсын? Қарақалпақтар көнбеді. Ақырып теңдік сұрап алаңға шықты. Аяғында қан төгілді. Өзбекбасының қолы қанға малынды. Түркі баласының басын қосудың орнына арасына сына қағып, жік салды. Екі елдің ішіне сызат түсті.

Жалпы, Мирзиеёв үлкен қателік жіберді. Қарақалпақстан Өзбекстаннан бөлінеміз, тәуелсіздік аламыз деп шулатқан емес. Осы күндеріне шүкір айтып, тыныш отырған ел еді. Енді, тәуелсіздікке ұмтылулары мүмкін. Шавкат әкә тыныш отырған ел ішіне дүрбелең әкелді. Бас жарылса бөрік ішінде қалатын еді. Бұл жерде қан төгілді! Халықтың қаны.

Видеода ереуілден кейінгі алаңды жуып жатқан өрт сөндіргіш техника:

 

Оңғар ҚАБДЕН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер