Ресей атынан өнер көрсеткен Рыбакина неліктен Қазақстан азаматтығын алды?

2823
Adyrna.kz Telegram

Бұрын Ресейдің атынан өнер көрсеткен Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина неліктен азаматтығын өзгерткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sportmail.com басылымы.

Спортшы Мәскеуде дүниеге келген, бірақ 2018 жылы спорттық азаматтығын өзгерту үшін өтініш беріп, Қазақстан атынан өнер көрсете бастаған.

«Қазақстанда маған көп көмектесті. Мен адамдардың қолдауын сезінемін және Қазақстан үшін қуана-қуана өнер көрсетемін. Менің ойымша, менің нәтижелерім Қазақстандағы спортқа көмектеседі. Ол жақта маған сенім артып, ойнап және дамуым үшін барлығын жасады. Жаттығу үшін барлық мүмкіндіктерді берді. Әрине, бұл маған үлкен көмегін тигізді», – деді теннисші.

Қазір Рыбакина Уимблдонда ойнап жатыр. Ол Румыния өкілі Симона Халепті жеңіп, финалдық кезеңге шықты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер