"Ақша табу мақсатым емес": 2 млн. теңге жалақы алатын Көлгінов жағдайы жайлы айтты

3465
Adyrna.kz Telegram

Елорда әкімі Алтай КӨЛГІНОВ брифингте 1,9 миллион теңге жалақы алу себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Бұған дейін әкім Асхат НИЯЗОВТЫҢ YouTube желісіндегі сұхбатында жалақысы туралы айтқан болатын. Брифингте ол барлық қала басшыларының жалақысы әкімдік сайтында көрсетілгенін атап өтті.

Әкім Алтай КӨЛГІНОВ атап өткендей, жалақы мөлшері үлкен жауапкершілікпен байланысты. Оның ішінде қала бюджеті 800 млрд. теңгені құрайды.

"Білім басқармасының бюджеті 120 млрд. Басқарма басшысы 600 мың теңге алады. Бұл үлкен жауапкершілік. Менің ойымша, еңбек ақылы болуы керек, бірақ бұл жерде ақша табу мақсатым емес, ең бастысы қоғамға пайда әкелу", деді елорда әкімі.

Пікірлер