Қазақстанда бүгіннен бастап бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынады

3034
Adyrna.kz Telegram

2022 жылғы 12 шілдеден бастап бензин мен дизель отынын ел аумағынан алып шығуға тыйым салынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы  Қазақстан Республикасының Энергетика министрі хабарлады. 

«Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен жағармайларды қоспағанда және автокөлік құралдарын өндіруші ұсынған газ бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек цистернада алып шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген  бұйрықта.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер