«Қазақ тілінде - 15 минут, орысша - 40 минут». КТК жаңалықтарының уақыты өзгерді

1070
Adyrna.kz Telegram
Фото: ktk.tv
Фото: ktk.tv

КТК телеарнасы эфирдегі қазақша жаңалықтардың уақытын қысқартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Qaz365.kz-ке сілтеп.

Бұған дейін күнделікті кешкі сағат 19:30 бен 20:00 аралығында көрсетілетін жаңалықтар енді небәрі 15 минут қана, 20:40 пен 20:55 аралығында ғана эфирге шығатын болды. Ал орыс тіліндегі жаңалықтардың уақыты, керісінше, ұзарған. Енді олар сағат 21:00-ден бастап 21:40-қа дейін, яғни 40 минут бойы көрсетіледі.

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тіліндегі контенттің қысқаруы жиі байқалып жүр. Нақтырақ, Qazcontent АҚ құрамындағы BAQ.KZ және BaigeNews.kz сайттары бірігетіні хабарланған. Түрлі тақырыпта ақпарат тарататын Massaget.kz порталы да редакция құрамын қысқартты. Ал «Еларна» телеарнасы мамыр айынан бастап мүлдем хабар таратуды тоқтатты. Қарағандыдағы жергілікті арналардың бірі де қазақша жаңалықтар бөлімін жапқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер