700 млн теңгеге жөнделген жол vs болашақ ұрпақтың несібесі қалай жұмсалып жатыр? (ВИДЕО)

2717
Adyrna.kz Telegram

Журналист Асхат Ниязов Солтүстік Қазақстан облысының Жалтырша ауылына барып, Ұлттық қордан 700 млн теңге жұмсалған жол сапасын көрсетті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол өзінің YouTube каналында жөндеу жұмыстарына 700 млн теңге бөлінген жолдың қиыршық таспен қалай жабылғаны туралы сюжет жариялады. Жергілікті тұрғындар осыған байланысты әкімдік пен Бас прокуратураға бірнеше рет шағым түсіргенімен, нәтиже болмады. Жол жөндеу жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыс тамыз айында аяқталуы керек еді, бірақ көзбен қарағанның өзінде жөндеу мерзімінің әлі аяқталар түрі жоқ.

Айта кетерлік жәйт, "Норд жолдары" ЖШС – Солтүстік Қазақстан облысындағы жол жұмыстары бойынша негізгі мердігер. Kompra мәліметтері бойынша, аталмыш ЖШС құрылтайшысы - әкесі, ал директоры – Погосянның ұлы. Қиыршық тас төселген жолды орташа жөндеу үшін аудан әкімдігі 1,2 млрд теңге төлеуге дайын болды, нәтижесінде мемлекеттік сатып алу сомасы 700 млн теңгеге шықты. Міне, болашақ ұрпақтың несібесі осылай жұмсалып жатыр...

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер