Ене мен келін арасындағы түсінікті, бір-біріне деген құрметті қалыптастыру қажет - Шарманов

7851
Adyrna.kz Telegram

"Ене мен келін, әке мен ұлы, ана мен бала, күйеу мен әйелі арасындағы түсіністікті, бір-біріне деген құрметті қалыптастыру қажет". Бұл пікірді Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов өзінің фейсбук парақшасында қалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Отбасы берік елдердің түтіні түзу ұшады. Ене мен келін, әке мен ұлы, ана мен бала, күйеу мен әйелі арасындағы түсіністікті, бір-біріне деген құрметті қалыптастыру қажет. Мұндай құрмет ата-баба мұрасында сақталған. Отбасындағы түсіністік, татулық – отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке бастайды. Жақсы жанұялар – мемлекет мерейі. Қазақта «әкесін сыйламаған ұлдан без, шешесін сыйламаған қыз, келіннен без» деген бар. Егер баласы әкесін, келіні енесін сыйламаса, ол жерде ешуақытта жақсылық болмайды. Барлық бақыт отбасындағы осындай құрметтен басталады",- деп жазды академик. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер