Мектеп оқушысы көше дәретханасына түсіп кеткен үш жасар қызды құтқарып қалды

3001
Adyrna.kz Telegram

Алматының қала маңындағы ауылдарының бірінде мектеп оқушысы үш жасар қызды көше дәретханасынан алып шықты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 14 шілде күні таңертең Қарасай ауданы Іргелі ауылында болған. Келесі күні таңертең оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды.

«2011 жылы туған бала көршісінің 2019 жылы туған қызын дәретхана шұңқырынан шығарып алған. Үш жасар қыздың анасынан дәретханаға қызының құлап кеткенін білген бала көмекке ұмтылған.

Алғашында баланың әкесі өзі төмен түсуге бел буды, бірақ қолайлы болмаған соң, он жасар Әлихан кішкентай шұңқырға өзі ғана сыятынын түсініп, өз еркімен дәретхана шұңқырына түседі. Баланың айналасына арқан байлап алған баланың әкесі оны әжетханаға түсіріп, тез арада алдымен қызды, сосын ұлын алып шықты», - деп хабарлады ТЖД.

Пікірлер