Ұлытаудағы трайбализм: “Ел болу үшін рушылдықтан жоғарлауымыз керек”

3320
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау жерінде Әнуар Омаров айтқан демократиялық принциптердің дамуына кедергі келтіретін бір жайт бар. Мәселен,Ұлытау ауданының әкімдері бірдей руда. Оны уикипедиядан іздесеңіз, көре аласыз. Бұл туралы «Сұрауы бар» ютуб арнасы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ең бірінші соққы жерге, руға бөліну. Сол қазір Жезқазғанда бар. Осы мәселеден құтылмай, бізге мықты бағдарламаларды орындай қиынға соғады. Бұның бәрі әкімдіктерден басталады. Ұлттық деңгейге көтерілмеген жердің бірі осы жер», - дейді Қазақстанның құрметті журналисті Базарбай Әлеуханұлы «Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында.

Бұл пікірді  Ұлытау ауданының әкімі де қостап отыр. Айтуынша, бірдей ру бір жерде тұрған соң ондай болады. Ал журналист Базарбай Әлеуханұлы бұл рушылдықтан құтылуымыз керек дейді.

«Ел болу үшін рушылдықтан жоғарлауымыз керек. Әркім өзінің руын, жеті атасын білсін. Одан ешкім зардап шекпес. Бірақ оны мемлекеттік мәселелерге қосып, мемлекеттік іс-шараларды соған сай өткізу әсте мүмкін емес. Онда Тәуелсіздігімізден айырылып қаламыз», - дейді журналист.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер