ҚАЗЫБЕК ИСА: Баланы қазақ мектебіне беру керек!

4601
Adyrna.kz Telegram

Фейсбукта белгілі журналистер Зейін Әліпбек, Мұхтар Түменбай бауырларымыз елдегі бала туу, неке және ажырасу мәселелерін көтеріпті. Өте дұрыс. Бұл демографиялық басты фактор. Басым бөлігі орыс тілінде өмір сүретін Солтүстік аймақтарда, Павлодар облысы(50,5%) мен СҚО-да (50,3%) үйленгендердің жартысынан астамы ажырасқан екен!

Ал Қарағанды облысы (47,6), ШҚО (44,9), Қостанай (44,8), Ақмола (43,2) облыстарында жартысына жуығы ажырасқан. Бұл нені білдіреді?

Ал қазақ тілді өңірлерде ажырасу ең аз көрсеткіш болып тұр. Түркістан облысында 17,7 пайыз, Маңғыстау облысында 23,7 пайыз. Шымкент қаласында 27,3 пайыз ажырасу. Бұл нені білдіреді?!. Әрине, қаймағы бұзылмаған қазақы өңірлерге бұл да аз емес…

Қазақы тәрбие бар, қазақ тілді аймақтарда ажырасу солтүстік өңірмен салыстырғанда екі еседен де аз. Барлығы тілге байланысты деп текке айтып жүрген жоқпыз ғой. Қарттар үйіндегілердің 90 пайызының балалары орыс мектебін бітіргенін осыдан он бес жыл бұрын журналистерді жіберіп анықтап едік. Баланы қазақ мектебіне беру керек!

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер