Жеңіс күні қалай өтіп жатқанын өз көзімен көрейін деп 9 мамыр күні Панфиловшылар паркіне бардым. Қазақтың көк туы көп болғанына өзім куә болдым. Бірақ та қызыл совет туы да, қара-сары Георгий лентасын таққандар саны да аз болған жоқ.
Бір кісі мақтанышпен лентасы туралы Азаттыққа айтып тұр:
"Біз, - дейді ол, - бұрын біртұтас мемлекет едік, меніңше, жан дүниеміз әлі де сонда. Мен, мысалы, осы бірліктің жақтаушысымын".
Басқа біреу совет одағын ансап жүрген жас алматылық бұдан да асып кетті. Қолында қызыл туы, кеудесінде Сталин суреті бар азамат былай депті: "Сталин - біздің жоғары бас қолбасшысымыз. Өйткені ол бұл мемлекетті сақтап қалды және дәл сол қолбасшы ретінде бұл соғысты жеңіп шықты. Біз бұл жеңіске оның басшылығымен жеттік."
Арасында қазақ ұлтының өкілдері де көп.
Сонда біз тәуелсіздікті кімнен алдық?
Бұл адамдар қандай мемлекетте өмір сүріп жатқаның біле ме деген риторикалық сұрақтар туындайды.
Совет өкіметінің символикасына тыйым салынатын кезге жетеміз бе, әлде осылай жылдан жылға кішкентай балапандарымызды советтік әскери киімге киіндіріп жүре береміз бе?