"Батырсымақ болмаңыздар!": жас тілші Абаев пен Адамбайға наразылығын айтты

1993
Adyrna.kz Telegram

Жас журналист Рауан Мутаир өзінің Instagram парақшасында қоғамда өзекті тақырыпқа айналған "Базз Лайтер" мультфильміне қатысты пікір білдірген Мәдениет министрі Дәурен Абаев пен Нұртас Адамбайға үндеу жариялады, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

"Бүгінгі қоғамның батырлары сөйлеу мәдениеті мен ана тілін үйренсе екен!" деп бастады ол жазбасын.

"Құрметті Даурен Аскербекұлы, @dauren_aba Нұртас Адамбай. @nurtasadambay Елімізде Базз Лайтер мультфилміне тыйым салынғанымен толық туындыны ешкім көрмесе де, сол бір сүйісіп тұрған эпизодты сіздердің арқаларыңызда бүкіл жұрт суреттен-ақ көріп тастады. Бұл ақылға, логикаға сыймайтын әрекет.

1. Түркістандағы әжеміз қазақ арналарында көрсетіліп жүрген үнді, түрік сериалдарына наразылығын білдіргенде, Министіріміз “ұнамаса пультпен ауыстыра салыңыз” деген! Ендеше неге “Базз Лайтер”ұнамайтындарға тыйым салмай-ақ “көрмей ақ қойыңыздар” демеске!

2. Екінші мәселе осы уақытқа дейін қаншама көтерілген дау еді Қалаулым бағдарламасы, қазір бір емес екі арнадан “Бірболайық” пен “Қослайық” 4 сағаттық эфир. Қаншама адамдарды санасын улауда. Мультфильмдегі 4 секундтық сүйісуді емес, 4 сағаттық надандардың эфирін уайымдауымыз керек.

3. Үшінші мәселе Феминизм тақырыбына қарсы болсаңыздар. Неге Қазақстандағы ЛГБТ-ның ресми ұйымы “Феминитаға” қарсы күреспейсіздер? Инстаграм, тик-ток әлеуметтік желілерде өздерін емін-еркін насихаттап жүр, қаншама балаларымыз тик-токтан көзін ашпайды. Ал 8 наурыз күні Елімізде ЛГБТ өкілдері митингке шыққанда қайда болдыңыздар? Әлде оған шамаларыңыз жетпей ма?

4. Төртінші мәселе тіл мәселесі Құрметті Нұртас Адамбаев @nurtasadambay Дінді берік ұстанатын адам ретінде сізге Құраннан аят келтіргенді жөн көрдім. Жер бетіндегі адамдардың әртүрлі ұлт өкілдерінен болуы – Алланың үлкен нығметтері мен белгілерінің бірі. Хақ Тағала Құранда: «Көк пен жердің жаратылуы мен тілдеріңнің және түрлеріңнің алуан түрлі болуы Оның белгілерінен. Шүбәсіз мұнда білім иелері үшін ғибраттар бар», – дейді («Рум сүресі», 22-аят).Адам баласы дүниеге келген соң, Раббысын танымас бұрын, жарық дүниені танып-біле бастайды. Ол үшін, ең әуелі, ана тілін үйренуі қажет. Тәлім-тәрбиені, жақындарымен қарым-қатынасты туған тілінде ала бастайды. Бұл жөнінде Ахмет Иүгінеки: «Тәрбие басы – тіл!», – деп, дәл айтып кеткен болатын. Олай болса, Құранды үйренген адамға, ана тілін үйренуі қиынға соқпайтына еш күмәнім жоқ.

Болмашы бір мульфильмге тыйым салған екенсіздер, ауыз толтыра мақтанып, батырсымақ болмаңыздар елімізде одан да басқа маңызды мәселелер толып жатыр!" деп жазды Рауан өз жазбасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Rauan Mutair (@rauan_mutair)

 

Пікірлер