Жылқыны көлікпен қасақана қаққан ер адам 10 күнге қамалды

3577
Adyrna.kz Telegram

Бау-бақшасын таптапкеткені үшін жылқыны көлікпен қасақана қаққан ер адам 10 күнге қамалды деп хабарлайды КТК арнасы. 

Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ақыры жазадан құтыла алмады. Өйткені бұл жайтқа ауылдың басқа тұрғындары өре түрегелген. Тіпті, жүргізушінің үйінің алдына жиналып, ашық наразылық білдірді.

Оқиға осыдан 4 күн бұрын Алматы облысында болған. 38 жастағы тұрғын жол талғамайтын көлігімен буаз жылқыны қасақана басып кетеді.

Бұл әрекетін ол ауыл жылқыларының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете бергесін жүйкем тозды деп түсіндірген.

Бастапқыда ер адам мал иесімен мәмілеге келген екен. Алайда ауыл тұрғындары “жазықсыз малды өлтірген азамат бостандықта жүр” деп шу шығарған. Сот бүгін жылқыны басқан азаматты 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер