Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі: айыпталушы 15 жылға сотталды

2230
Adyrna.kz Telegram

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтбаеваның ісі бойынша айыпталушы Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Нұр-Сұлтан қалалық соты Мейірбековті кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья. 

Мұрат Мейірбеков жаза мерзімін "қауіптілігі жоғары" колонияда өтейді, сондай-ақ жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 5 мамырда Тбилисиде көпқабатты үйлердің ауласынан қазақстандық Әсел Айтбаеваның мәйіті табылған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер