Алматыда көлік ұрылары ұсталды

2745
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер Түркістан облысының 32 жастағы тумасы мен оның сыбайласы 40 жастағы азаматтың есебінде көлік ұрлаудың төрт дерегі бар екендігін анықтады.

“Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын біздің бөлімше қызметкерлері Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді. Қаланың Медеу ауданында қаскөйлер төрт көлікті ұрлап кеткендігі анықталды. Қазірдің өзінде үш көлік табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Төртінші көлік Toyota Vista әлі табылған жоқ. Ұсталғандардың бірі ұрланған көліктегі аккумуляторды металл қабылдау орнына тапсырып жатқан видеоны тәркіледік”, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір полицейлер ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айыпталушылар қамауға алынды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер