Маусымда қазақстандықтар шетелге 104 млрд теңге жіберген

2842
Adyrna.kz Telegram

Маусым айында қазақстандықтар шетелге 104 млрд теңге жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, жаздың алғашқы айында Қазақстаннан 104 миллиард теңгеге 263 мыңнан астам транзакция жасалған. Валюта бойынша аударымдардың негізгі үлесі доллармен жүзеге асырылды (52,8%).

Ақшаның басым бөлігі Өзбекстанға аударылған. Мәселен, маусым айында бұл елге 36,2 миллиард теңгеден астам қаржы жөнелтілді.

Одан кейінгі орында Ресей – 22,5 млрд теңге, Түркия – 20,7 млрд теңге, Грузия – 7,8 млрд теңге, Қырғызстан – 4,8 млрд теңге және Қытай – 3,3 млрд теңге. Ең аз қаражат Арменияға – 1,6 млрд теңге және Украинаға – 859,8 млн теңге жіберілген.

Ал Қазақстанға шетелден 92 млрд теңгеге жуық сомаға 176,3 мың транзакция жасалды.

Пікірлер