Әбден ашынған Алматы облысының тұрғындары орталық трассаны жауып тастады

4635
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары шұрық-тесік жолға наразылық білдіріп, республикалық маңызы бар тасжолды жауып тастады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жамбыл ауылы "Алматы-Нұр-Cұлтан" тасжолы бойында орналасқан. Күн сайын мұнда жүздеген жеңіл және жүк көлігі өтеді. Тұрғындардың айтуынша, "Бейбітшілік" көшесі ұзақ уақыт бойы жөнделмеген.

"Көктем мен күзде бұл жерден өте алмайсың. Жедел жәрдем де, такси жүргізушілері де жете алмайды. Жол нашар болуына байланысты өзімізге де, балаларға да бірнеше рет аяқкиім сатып алуымыз керек. Әкімдік әрекет етпей отыр, бұл наразылық белгісі - жергілікті билік үшін ескерту", - дейді ауыл тұрғындары.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер