"Тарихи нәтиже": Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатында үздік төрттікке ілінді

3673
Adyrna.kz Telegram

Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында мәреге жеткен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік төрттікке ілікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстандық жасөспірімдер мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысқанына қарамастан, әлемдегі үздік құрамалармен терезесі тең өнер көрсетті. Топтық бәсекеде әлем чемпиондары - Италия құрамасын жолдан тайдырып, ширек финалға шықты.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы төртінші орынға табан тіреді. Әлем чемпионты аяқталғаннан кейін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қазақстандық жас теннисшілердің өздерін нағыз күрескер ойыншы ретінде көрсетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер