15 жастағы жасөспірім Арыс өзеніне батып кетті

2632
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында 15 жастағы жасөспірім Арыс өзеніне батып кетті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ордабасы ауданы Темірлан ауылынан бір шақырым жердегі Арыс өзенінің бойында болған. 2007 жылы туған жасөспірім отбасымен демалыс өткізу кезінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, қайтадан шықпаған.

"Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағына қарасты құтқарушылар мен сүңгуірлер баланың мәйітін судан алып шықты. Оқиға орнындағы баланы іздеу жұмысына Түркістан облысы ТЖД 2 қызметкері мен бір техникасы және жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы, полиция департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылды" - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер