Сауд Арабиясының танымал дипломаты Египеттегі конференцияда сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды

4636
Adyrna.kz Telegram
Фото: life.ru
Фото: life.ru

Белгілі сауд дипломаты Мохаммад әл-Кахтани Египетте араб-африкалық конференцияда сөз сөйлеп жатқанда кенеттен қайтыс болды. Ол Каирдегі шекарашылар үйінде сөз сөйлеп жатқан еді, деп хабаплайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дәрігерлер дипломатқа жедел жеткенімен, оны аман алып қала алмаған. Мұхаммед әл-Кахтанидің өліміне не себеп болғаны айтылмаған.

«Раббысын сау жүрекпен жолықтырғандардан басқа ешкімге лауазым да, қадір де жоқ», деген ол соңғы сөзінде.

Конференция жалғандықпен және жалған ақша жасаумен күрес ұйымының мұрындық болуымен өтті. Дипломаттың қайтыс болуына байланысты іс-шара тоқтатылды.

Пікірлер