Қазақстанда салафизм мен уахабизмге заңды түрде тыйым салуды талап етіп, петиция жарияланды

4201
Adyrna.kz Telegram
Фото: Arnapress.kz
Фото: Arnapress.kz

Мирас Ермекұлы атты азамат Қазақстанда салафизм мен уахабизмге заңды түрде тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“2020 жылдың қаңтарында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҰҚК қызметкерлері ақша алу үшін бірқатар ұрлауды ұйымдастырды деген күдікпен сәләфизм деструктивті діни ағымының жақтастары тобын ұстағаны хабарланған. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында салафиттердің автобус жүргізушілерінен ақша бопсалағанын хабарлады. Соңғы 20 жылда мұндай жаңалықтар өте көп, оның барлығын тізіп шығу мүмкін емес.

2016 жылғы 14 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев салафизмді ұстанушылар өздерінің идеялары мен құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрімізден, мәдени және рухани құндылықтарымыздан жоғары қоятынын атап өтті. «Салафизм – ұйым емес, діни ағым және сенім жүйесі. Бұл ұстанымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы толық қолдады.

Уахабиттердің мақсаттары ұлттық мүдделерге мүлдем қайшы келеді және Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіреді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының ресми БАҚ.

Мысалы, 1999 жылы содырлар Дағыстанның таулы аймақтарының аумағына шабуыл жасағаннан кейін бұл автономияның халық жиналысы «Дағыстан Республикасының аумағында уахабизмге және басқа да экстремистік әрекеттерге тыйым салу туралы» заң қабылдады. Кейін осындай заңдарды Өзбекстан мен Тәжікстан да қабылдады. Қаңтар айы мұны Қазақстанда жүзеге асырудың уақыты жеткенін көрсетті.

Бұл петицияның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қоғамның қауіпсіздігін және конституциялық құрылысты қамтамасыз ету, діни араздықты қоздырмау. Ислам – бейбіт дін. Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстанда салафизм мен ваххабизмге заңды түрде тыйым салуды талап етеміз!”, делінген петицияда.

 

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер