Күйші Мұқаш Таңғытұлы дүниеден өтті

2570
Adyrna.kz Telegram

Домбырашы, дәулескер күйші Мұқаш Таңғытұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Еркін Шүкіман өз facebook парақшасында естіртті.

Мұқаш Таңғытұлы 1962 жылы 15 желтоқсанда ҚХР-дың Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында дүниеге келген.

1981 жылы Үрімжі Қаржы институтына түсіп, 1985 жылы тәмамдаған. Содан 2003 жылға дейін банк саласында қызмет істеген. 2003 жылы атамекенге қоныс аударған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер