Ресей азаматтығын алған қазақстандық әйел елден қуылды

2210
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Шарбақты ауданының 57 жастағы тұрғыны екінші азаматтығын алғанын жасырған.

"Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс жасалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды", – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Полиция биылғы жылы осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Айта кетейік, басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде Қазақстан азаматтығы автоматты түрде жойылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер