Әскер ма әлде халықтың баласын жинап алып ақша сұрататын құпия құрылым ба? - Ербол Мәндібек

2724
Adyrna.kz Telegram
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған атыраулық жас сарбаз да таныс-тамырынан ақша сұраған. Бұл туралы журналист Ербол Мәндібек Facebook парақшасына жазба қалдырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Сонда бұл не? Әскер ма? Әлде халықтың баласын жинап алып ақша сұрататын құпия құрылым ба?Аллооо брат қалайсың? Ренжімесең 5 мың атып жібересің ба!

Әскерге кеткен баланың бәрі осылай ақша сұрайды. Өзім білетін туыстардың әскердегі ұлдары осылай талай хабарласты.

Қорғаныс министрлігінің атауын өзгерту керек сияқты. Осыларға сеніп халық баласын әскерге жіберіп жатыр. Бармаймын дегендерін көшеден ұстап алып әкетуде. Ақыр аяғы қаншама ата-ана айдың күннің аманында сап-сау баласының сүйегін құшақтап зар илеуде.

Сонда бұл не? Әскер ма әлде халықтың баласын жинап алып ақша сұрататын құпия құрылым ба?

Қорғаныс министрлігінің қаптаған шенділері. Сендер осы генерал деген атақ-шенді қайта шешіп тастайсыңдар-ау. Егер ұяттарың, намыстарың болса. Әскердегі қайғы ара-тұра емес жиі-жиі болып кетті. Ұяттарың, намыстарың болса ендігі бір нәтиже шығаратын болдыңдар ғой.

Сондықтан, ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметтен өз еркімен кетуі тиіс. Елдің әскердегі баласына әке бола алмадыңыз. Жалпы біздің әскери салада солдатқа "қатал әке" болатындай біреу бар ма өзі?”, деп жазды ол.

Пікірлер