Маманмен өткен бір күнім...

2093
Adyrna.kz Telegram

Әрқашан мені ата-анамның жұмысы қызықтыратын. Қандай жерде жұмыс жасайды екен деп көп ойлайтын едім. 3 маусым күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8 сынып оқушыларына арналған «1 күн ата-ана жұмысында» атты әлеуметтік жоба аясында анамның жұмысымен танысатын мүмкіндік туындады. Анам Тукенова Айгерим Канаткызы АҚ «ӨзенМұнайГаз» Корпоративтік оқу орталығында «аға инженер» болып жұмыс жасайды. Сәйкесінше мен «инженер көмекшісі» болып көмек көрсеткен болатынмын. Инженерлер материалдарды, құрылымдарды, және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.  Анам АҚ «ӨзенМұнайГаз» жұмысшылары мен басшыларынан 3 жылда бір рет даярлануға жататын «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» және «Өрт техникалық минимум» курсы бойынша емтихан өткізеді.Осылайша арнайы оқытылатын курстар арқасында жұмысшылар білімін жаңартып қана қоймай, алынған білімдері тесттілеу емтихандар негізінде бекітіледі.

Жұмыс барысы бірден қызып кетті. Келе сала алған алғашқы тапсырмам компьютерлерді тестілеуге дайындап қою еді. Тесттілеу емтиханына келген жұмысшылардың тестілеуге қосылғанын қадағалап, қиындықтар туса көмектесу қажет болды. Емтихан тапсырған қызметкер  оқыған курсы бойынша заңға сәйкес куәліктерін алады.

Түрлі құжаттарға қол қойғызу барысында 1 күн көзді ашып жұмғанша өте шықты. Осы күн барысында түрлі адамдармен жұмыс істеп үлгердім және байқағаным  бұл мен ойлағандай оңай емес екен.  Әр адаммен тіл табыса білу кез келгенінің қолынан келе бермейді деп ойлаймын. Дегенмен осы әлуметтік жоба мен үшін жаңа тәжірбие болды. Әрбір жұмыстың өзіндік қиындықтары бар екендігі барлығымызғы белгілі. Сәйкесінше бүгін сәл қиын болғанының жасыратыны жоқ.  Жағымды әсер және қызықты әрі өзгеше күн болғаны сөзсіз. Бұл тәжірбием болашақта пайдалы жағын көрсетіп, жанымдағыларға да пайдасын тигізеді деген сенімдемін.

Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік

Мектебінің 8D сынып оқушысы Қазы Дана

Кураторы Айгерім Қуантханқызы

Пікірлер