"Алматы облыстық сот органдарына бомба қойылды"

2313
Adyrna.kz Telegram

Белгісіз ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол билікке бопсалау шарттарын қойған. Дәл қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Жедел іздестіру тобы іске кіріскені мәлімделді.

Өткен жылмен салыстырғанда мұндай хабарламалар бойынша 68%-ға көп қылмыстық іс қозғалды. 101 істің тек 12-сінде ғана қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Жыл басынан бері "миналау" үшін 11 адам сотталды, оның 6-ы - бас бостандығынан айырылды.

Кейбір жағдайларда "бомбалаушылар" шетелден болып келеді.

Шетелдік серіктестерден мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасы арқылы алуына қарай шет елдердің құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмалары іске асырылады. Мұндай тапсырмалар Ресей, Швейцария, Малайзия және Украинаға жіберілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер