Соғыс туралы сыр сұхбат

2660
Adyrna.kz Telegram

Күні кеше Кеңес дәуірінің кереғар  саясатының салдарынан тарих бетінде қалдырған  Ауған соғысының аяқталғанына биыл 29 жыл толды. «Интерноционалдық борышын өтеу керек» деген үкіметтің  өкінішті  ұранының арқасында  енді ғана 18-ге толған бозбалалар ауған жерінің  топырағын  басып,  дәмін татты.  1979 жылы осы ана сүті ауыздарынан кетіп  үлгермеген балаң сарбаздар  атақ-даңқ үшін емес, тыныштықты қорғаймыз, соғыс өртін өшіреміз деп қанды қырғынның ортасынан бір-ақ шыққан еді.

1979-1989 жылдардағы кеңестік алып империяның  ең соңғы соғысына 22000 адам қатысқан. Оның 761-і қаза болды. Жетісу өңірінен  1700 жауынгер аттанса, олардың  59-ы туған  жеріне оралмады.  Отан алдындағы  азаматтық борышты  абыройлы  орындасам деген отансүйгіштік қасиет бойына дарыған біздің ауданымыздың  97 жас ереннің  маңдайына міндетті ауған  жерінде  өтеу жазылыпты. 1979 жылдың  25 желтоқсанда  Ауғанстанға кіргізілген Кеңес  әскерінің шектеулі контигенті, 1989 жылдың  15 ақпанында Женева келісімдеріне сәйкес  толық шығарылған болатын. Алайда, бұл соғыстың ең үлкен қасіретті ұлдарының орнына темір табыт қарсы алып, аңырап қалған еді.

Осыған орай орталық мемлекеттік мұрағатта 18 шілде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қолға алынған «Азаматтық борыш» жобасы аясында ауған соғысының ардагері – Бақытжан Мулинов кітапханашылар, студенттер жас жас ғалымдармен кездесті. Кездесу барысында ардагер жастарға ғылымды сүюге, Отаншыл болуға шақырды. Соғыс атты лағнеттің болашақта қайталанбауын тілей келе, жеткіншектерге біліммен қарулануға, ақпараттық қауіпсіздікке дайын болуға шақырды. Бұдан тыс, соғыс кезіндегі азап пен үрейге толы тарихи сәттегі естеліктерімен бөлісті.

Пікірлер