Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды

2510
Adyrna.kz Telegram

Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды. Бұл туралы Антикор жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович іздеуде болды.

2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады.

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды»,—делінген хабарламада.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

Ү.ж. 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер