Алматыда тұрғын үй жалдау құны 2-3 есе қымбаттады

2106
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында тұрғын үй жалдау құны бір түннің ішінде 2-3 есе қымбаттап кетті, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Дәл қазіргі уақытта "krisha.kz" cайтында көрсетілген пәтерлерді жалға алу құны аспандап кеткен. Жүктелген жарнамаларға назар аударсақ, 1 бөлмелі пәтер құнының 250 мың, 2 бөлмелі пәтер құнының 400 мың, 3 бөлмелі пәтер жалдау құнының 700 мың шамасында екендігін байқаймыз.

Қаланың элиталы саналатын тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер құны 1 миллион теңгеден жоғарылай береді. Қаладағы пәтерін қымбат бағаға жалға беруді ойлағандардың көбі жамбасақының үстіне тағы депозит қосылатынын айтуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер