Владислав Тен: Келіп жатқандар қазақ тілін үйренсін!

2422
Adyrna.kz Telegram

Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай ағылуына байланысты қоғам белсендісі, полиглот ғалым, тіл жанашыры Владислав Тен фейсбукта арнайы пікір білдірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

- XVIII ғасырдың екінші жартысында Кореядан ағып шығып, Ресейге қарай адам ағыны күрт ұлғайып кетіп Қиыр Шығыстағы кәрістердің тарихы басталған. Сол кездегі ата-бабамыз көп созбай жергілікті нарық конъюнктурасына тиімді бейімделу үшін орыс тілін үйреніп алуға кіріскен барын салып. Сол сияқты біздің елге кіріп жатқан шетелдіктер қазақ тілін үйренсе екен деймін, - деді автор.

Владислав Тен - полиглот, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің тиімді техникасын зерттеп жүрген ғалым, "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері. Қоғам белсендісі табанды түрде оқырмандарын қазақ тілінің табиғатын танып, оны меңгеруге үндеп келеді.

Пікірлер