Шыңғырлау ұстаздары әлеуметтік жобаны жақсы қабылдады

2932
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауылының Қылышов атындағы орта мектебінде “Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" гранттық жобасы аясында жастарды әлеуметтендіру бойынша ұстаздар қауымына оқыту дәрістерін өткізді.


Жиында жоба мақсаты мен міндеттері, жастарды ынталандырудың жолдары мен әдістері түсіндіріліп, соңы сұрақ-жауап негізіндегі талқылауға ұласты. Шараға қатысқан Шыңғырлау ауданының ұстаздары атаулы жобаға ерекше ықылас білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Самат Байболат жастарды әлеуметтендіру жобасының өте маңыздылығын атап өтіп, дәріскерлерге өз ризашылығын білдірді. Ол жоба аясында өтетін өңірлік байқауға жастарды көбірек қатыстыруға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді. 


Семинар-тренингке қатысқан мұғалімдер сертификатпен, ұйымдастыруға көмек көрсеткен әкімшілік өкілдері алғыс xатпен марапатталды.

Арман СЕРІКҰЛЫ, 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер