Министр тосыннан барып жатақханалардың жағдайымен танысты

1773
Adyrna.kz Telegram

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ешкімге ескертпестен, тосын түрде Семейдегі студенттердің жатақханаларын аралады. Алдымен Шәкәрім университетіндегі нысандарға бас сұғып, ондағы жағдайды көзімен көрді. Студенттердің оқу үрдісіне қатысты сан-cалалы сауалдарын тыңдап, жатақхана қызметкерлерімен де тілдесті.

Қазір Шәкәрім университетінде 1120 орындық 4 жатақхана бар. Жатақханаларға 791 студент жайғастырылған. Әлі де бос орындарды толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министр кейіннен Әлихан Бөлейхан университетіндегі нысандарды аралады.  Аталмыш университеттің 400 студенті жатақханаға орналасқан. Тағы 400 орындық екінші ғимарат қазан айының соңында студенттерге есік ашып, жайлы үйіне айналмақ.

Ескерте кетейік, бүгінгі таңда еліміз бойынша 104 жоғары оқу орнына тиесілі 309 жатақханада 101 мыңнан астам студент тұрады. Биыл тағы 5 мың орынға арналған 17 жатақхана пайдалануға берілмекші. Сонымен қатар, ғылым және жоғары білім министрі өз сөзінде Алматыдағы 1 курс студенттері жатақханамен толық қамтылғанын ерекше атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер