Жеңіліп көрмеген: Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағын сақтап қалды

6915
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Аллаға шүкір! Белбеуді қорғадық. Жанкүйер болып қолдау көрсеткендерінізге көп рахмет. Алға, Қазақстан»,-  деп жазды Мейірім Нұрсұлтанов.

Қазақ боксшысы Польшаның Люблин қаласында өткен кәсіби бокс кешінде аргентиналық Марсело Эстебан Косероспен жекпе-жекке шыққан болатын. Орта салмақтағы айқас он раундқа шақталған, қос үміткер Мейірім Нұрсұлтановқа тиесілі WBO International чемпионының белбеуін сарапқа салды.

Әділқазы бір ауыздан қазақстандық боксшы жеңіске жетті деген қорытынды жасады.

Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын екінші қайтара жеңіп алды.

Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы аргениналық Косеров осымен бесінші мәрте жеңіліп отыр.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер