Солтүстік Корея жіберген зымыран Жапония жеріне түсті

6841
Adyrna.kz Telegram

КХДР жіберген баллистикалық зымыран Солтүстік Жапония аймағында жарылғаннан кейін Токио шұғыл ұлттық қауіпсіздік кеңесін өткізді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қазір Кәріс халықтық-демократиялық республикасы бағыттаған баллистикалық зымыранның қуаты мен келтірген зарарын зерттеп жатыр. Зымыранның қаупін зерттеп жатқандар қатарына Оңтүстік Корея мен АҚШ қауіпсіздік комитеті де қосылған.

Министрліктің бас хатшысы Хирокадзу Мацуноның айтуынша, ұрыс зымыраны Жапонияның Тохоку ауданын кесіп өтіп, Тынық мұхитында жарылған.

Youhap агенттігінің хабарлауынша, зымыран снаряды Жапон теңізінде жарылып, оның салдарынан елде төтенше жағдайларға арналған құрылғы іске қосылған. Қазір солтүстік аймақтағы тұрғындарды арнайы ғимараттар мен жертөлелерге жайғастыру жалғасып жатыр.

- Бұл осымен Солтүтік Кореяның ұшырған жиырма үшінші зымыраны, - дейді жапон қауіпсіздік кеңесінің мамандары. .

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер