"Ақ жол" партиясы да президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

1877
Adyrna.kz Telegram
"Ақ жол" демократиялық партиясы да Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
Партия төрағасы Азат Перуашевтың мәлімдеуінше, президенттікке үміткер ретінде төрт кандидат ұсынылды. Олардың ішінде журналист Сандуғаш Дүйсенова, мәжіліс депутаты Серік Ерубаев, "Ақ жол" партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов және Қасым-Жомарт Тоқаев бар.
Жасырын дауыс беру арқылы "Ақ жол" демократиялық партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер