Республика күні — ұлттық мереке

8206
Adyrna.kz Telegram

Республика күніне орай Орал қаласы мектептері оқушылары «Қыран елім – Қазақстан», «Мой Казахстан» тақырыбында диктант жазды.

Республика күнін атап өту тұжырымдамасы аясында республика мен ұлт үшін пайдалы істерге ұлтты ұйыстыру мақсатындағы шаралар жоспарланды. Соның бірі ретінде облыстық білім басқармасының бастамасымен білім беру ұйымдарында диктант жазу ұйымдастырылып, қала бойынша 50 мың оқушы бірыңғай акцияға қатысты.

Диктант мәтіні оқушылардың сынып ерекшеліктеріне байланысты берілді. Мәтін мазмұны мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеуді мақсат етті.

Республика күнін мерекелеу аясындақалалық білім ұйымдарында «Егемен елімнің Жасұланымын» патриоттар форумы, мерекеге арналған сурет көрмесі, оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы, дебат турнирі сынды патриоттық мәні зор шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтеді.

Пікірлер