«Директордың VIP дәретханасы»: Алматыда мектепке жүргізілген тексеріс қызу талқыға түсті

2292
Adyrna.kz Telegram

Желіде Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында тексеру жүргізген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видео авторының айтуынша, балалар етсіз тамақ ішіп жүрміз деп шағымданған. Сондай-ақ, олардың дәретханасында қол жуатын арнайы гигиеналық сусабындар жоқ. Ал мұғалімдер мен директордың дәретханалары толықтай керек заттармен қамтылған яғни VIP, әрі олардың тамақ ішетін жері де бөлек екен.

Одан бөлек, мұғалімдерден 10 мыңнан ақша жинап үлкен лед экран алған екен. Оны мұғалімдер еш қарсылықсыз келісіп алғанын айтуда. Себебі мұнда барлығы ашық сабақтарын және т.б іс-шараларын өтеді.

 

Пікірлер