Феминизмнің белсенді жақтаушылары Парламенттегі әйелдердің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту туралы петиция жариялады

3060
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасындағы феминизмнің белсенді жақтаушылары Қазақстан Республикасы Парламентіндегі әйелдер мандаттарының үлесін заңнамалық тұрғыдан 27%-дан 50%-ға дейін ұлғайту туралы петиция жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ALASH онлайн сайтында жврияланған петицияның авторлары мұндай қадам Қазақстан Республикасында демократияның дамуын қамтамасыз ететініне сенімді.

“2021 жылға арналған Қазақстан Республикасы Парламентіндегі әйелдер мандаттарының үлесі небәрі 27,4% құрайды. Гендерлік теңдік – ерлер мен әйелдердің өмірдің барлық салаларында бірдей және тең даму мүмкіндіктері мен әлеуеті бар екенін білдіретін негізгі адам құқықтарының бірі. Ұзақ уақыт бойы саясат ерлердің қолында болды, ал әйелдер ғасырлар бойы саясаттан тыс қалды. Тиімді демократиялық мемлекет ерлер мен әйелдердің саяси аренаға тең қатысуын талап етеді.

Әйелдердің халықаралық саясатқа және қоғамның саяси мәдениетіне ықпалы зор. Олар қоғам өмірінде туындайтын көптеген мәселелерді шешуге белсене қатысады. Сонымен қатар, мәселелер ауқымы тек гендерлік проблемалармен шектелмейді. Сонымен қатар қазіргі заманғы өркениеттің кез келген саласын қамтиды. Әйелдер Қазақстан халқының тең жартысын құрайды, ал әйелдер кездесетін мәселелер көп”,-деп жазылған петицияда.

Одан бөлек, әйелдердің халыққа қамқор болатынын айта өтіп, Қазақстан Республикасы Парламентіндегі әйелдердің үлесін тұрақты негізде 50%-ға дейін арттыратын норма қабылдауды талап етті.

“Әйелдердің ғасырлар бойы өз құқықтары үшін күресі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бірінші кезектегі міндет екенін көрсетеді. Сондықтан дүние жүзіндегі үкіметтер гендерлік теңдікті насихаттап, әйелдердің саяси билікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшы жиырма бірінші ғасырды саясаттағы әйелдер мен гендерлік демократия ғасыры деп есептейді.

Біз, Қазақстандағы феминизмнің белсенді жақтаушылары, биліктен Қазақстан Республикасы Парламентіндегі әйелдердің үлесін тұрақты негізде 50%-ға дейін арттыратын норма қабылдауды талап етеміз. Әйелдердің халыққа қамқор болатынына сенімдіміз. Осы петиция туралы жаңалықтар агенттіктеріне хабарлаңыз. Осылайша, біз халықтың наразылығын тудырып, мәселеге биліктің назарын аудара аламыз”,-делінген петицияда.

Пікірлер