204
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда 15 қазан – Қазақ тілі күніне орай «Оңай қазақ тілі» атты қазақ тілін оқытудың  жалпыұлттық бағдарламасының тұсаукесері өтеді.

«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен қолға алынып отырған бұл жоба өзге тілді азаматтарға мемлекеттік тілді барынша жеңіл оқытуды көздейді. Жобаны ұйымдастырушылар бағдарламада негізінен екі түрлі құралдың қолданылатытын сөз етті. Аталған құралдардың қатарында орысша – қазақша рифмаланған сөздік пен сөйлем құрауды формула арқылы түсіндіруге бағытталған әдістеме бар.

«Оңай қазақ тілі» атты жалпыұлттық бағдарламаның сабақтары аптасына 1 рет әлеуметтік желілерде және ақпараттық сайттарда жыл бойына жарияланып отырады. Сабақтар тегін ұсынылады. Бұл «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының ұлт құндылықтарын насихаттауға бағытталған 32-ші жобасы.

Пікірлер