Назарбаев ашқан мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына кірмек

2328
Adyrna.kz Telegram

 Екі ай бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ашқан мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына енгізілмек. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Астана ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі туралы қаулыға реттік нөмірі 43, 44, 45 болатын келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: Тәуелсіздік сарайы, 2008 жыл; Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл; Қазақстан Республикасының бас мешіті, 2022 жыл», - делінген Астана әкімдігі қаулысының жобасында.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы үлкен мешіттердің бірі болып саналатын мешітті 12 тамыз күні Назарбаев ашқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер