Қазақ футболының ардагері дүниеден озды

2366
Adyrna.kz Telegram

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы. 

"Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Отандық футбол жанкүйерлерінің жадында Сұлтан Әбенов туралы естелік мәңгі сақталмақ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден аса ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар, алматылық "Қайраттың" сапында ойнады.

Ойын мансабын аяқтаған соң "Қайрат" командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

Пікірлер