“Бос уәдемен шектеледі”: Қарағанды облысының жас спортшылары Тоқаевқа видеоүндеу жолдады

3623
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышыған кентінің жас спортшылары Тоқаевқа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеоүндеуде жастар ауылдарына спорт кешенін салып беруді қадағалауын сұраған.

“Бүгінгі жолдауымыздың мақсаты - ауылымызда 2010 жылдан бері шешімін таппай келе жатырған спорт кешені жайфнда баяндағымыз келеді. Осы Сарышыған кентінде 5 мыңға жуық халық бар. Кентіміздегі жастардың және жасөспірімдердің бұқаралық спорт түрімен айналысуға ешқандай мүмкіндігі жоқ… Осы мәселенің көтеріліп жатқанына 12 жылдан асты. Содан бері 4 кент әкімі ауысты. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Аудан әкімі Салтанат Нұрасылқызы есеп беру кезінде құр бос уәдемін шектеліп келеді. Осы жылы Қарағанды облысының әкім орынбасары Серік Шайдаров мырза осы мәселенің шешім табуға уәде беріп кеткен. Бірақ спорт кешенінің не құжаты, не қазағы да қағылмады”,- деп президенттен қолдау күтетінін айтты.

Пікірлер